Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктің дабылы дер кезінде ойнап, ұрлықшы қолға түсті

Ақтөбе қаласында көліктің бөлшектерін ұрламақ болған ер адам ұрлық кезінде қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 маусым күні таңғы сағат 08:00де 42 жастағы ақтөбелік Есет батыр көшесінде тұрған «Лада-Приора» көлігінен ұрлық жасауға тырысты. Көлік 39 жастағы ақтөбелікке тиесілі болып шықты.

Дабыл жүйесі дер кезінде іске қосылғандығының арқасында  автокөлік иесі уақытында полицияға жүгінді. Полиция қызметкерлері жедел түрде қылмыс орнына келіп,  қылмыскерді ұстады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ер адамнан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Полиция департаменті көлік жүргізушілерін көлікті тонау және айдап кету фактісінің алдын алу мақсатында көлікті арнайы құралдармен және дабылмен жабдықтауға шақырады.

Автокөлікте орнатылған дабылдың және полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында ұрлық кезінде қылмыскер қолға түсті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру