Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көршісінің мотоциклін ұрлап кеткен астаналық ер адам ұсталды

Астана полицейлері көрші ауладан мотоциклді ұрлап кеткен елорда тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы аудандық полиция басқармасына қаланың 18 жастағы тұрғыны жүгініп, 700 мың теңге тұратын Racer -250 мотоциклінің ұрланғанын айтып арызданған.

Ол қыркүйек айынан бастап мотоцикл Тәуелсіздік даңғылындағы үйдің ауласында тұрғанын хабарлаған. Жас жігіт екі дөңгелекті көлігінің ұрланғанын ағымдағы жылдың ақпан айында ғана көрген, содан кейін полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ұрлыққа қатысы бар 45 жастағы ер адамды ұстады. Ұрланған мотоцикл тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Сонымен қатар, ер адамның ұялы телефон ұрлығына қатысы бар екендігі анықталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды ескертеді. Ұрлықты болдырмау және көлігіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көлікті күзетілетін тұрақтарға, бейнебақылау камераларының көріну аймағына қоюды ұсынады.

Егер сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, дереу “102” желісіне қоңырау шалыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру