Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көршісінің құрылысқа қажетті құрал-саймандарын қолды еткен түркістандық анықталды

Көршісінің құрылысқа қажетті құрал-саймандарын қолды еткен түркістандық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып келді. Жәбірленушінің айтуынша, түнгі уақытта белгісіз біреулер оның тұрғын үйіне заңсыз кіріп, құрылысқа қажетті бұрғылағыш аппараты мен ұсақтағыш құралын жымқырып кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 100 мың теңгеге жуық.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Орын алған оқиға бойынша тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылып, қылмысты ашу мақсатында бірден іске кірісті. Ұрлық болған аймақты шолып, айналадағы бейнебақылау камераларын мұқият қарап шықты. 

Нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар жергілікті тұрғын, жұмыссыз ер азамат анықталды. Ол жәбірленушінің көршісі болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті ер адам мас халде көршісінің үйіне кіріп, құрылысқа қажетті құралдарды жымқырған. Қазіргі таңда оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру