Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан СҚО полицейлері 37 қылмыскерді іздеп тапты

Жыл басынан СҚО полицейлері 37 қылмыскерді іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметтік іссапар кезінде солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер қылмыскер ретінде іздеуде жүрген Петропавл қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Шілде айының соңында қала тұрғыны ұрлық жасағаны үшін 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген болатын. Алайда жас әйел пробациялық бақылаудан жасырынған. Аз уақыттың ішінде ол Қазақстанның бірнеше қалаларын аралаған. Ақыры криминалдық полиция қызметкерлері Көкшетау қаласында оның ізіне түсіп ұстаған. Сотталғанның сөзіне қарағанда, ол блогерлерге арналған іс-шараға бармақшы болған. Ол қалаларды аралап жүрген кезде, екі кәмелетке толмаған 6 және 9 жастағы балалары Петропавлда әкесімен бірге оны күтіп отырған. Енді қала тұрғынының жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін.

– Жалпы жыл басынан СҚО Полиция департаменті криминалдық полиция бөліністерінде 65 қылмыскер іздестіруде болған, олардың ішінде – 34-і өткен жылғы санатына жатады. 37 адамның тұрғылықты жері анықталды, оның ішінде 11–і өткен жылғы санатындағылар. Қылмыскерлерді іздестіру жұмысы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жазасыздық принципін жүзеге асыруға мүмкіндік береді және Полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында, – деді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру