Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көршісінің үйіне ұрлыққа түскен ер адам анықталды

Түркістан облысында көршісінің үйіне ұрлыққа түскен ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, оның үйіне белгісіз біреу терезеден кіріп, екі ноутбук пен алтын бұйымдарын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі – 1 миллион теңге.

Аталған жайт бірден ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде жәбірленушінің ауылдасы анықталды. Тәртіп сақшылары оны полиция бөліміне жеткізді.

Анықталғандай, ер адам түнгі уақытта жәбірленушінің үйінде ешкім жоқтығын байқап, арам ойын іске асырған. Яғни, қоршаудан секіріп өтіп, пластик терезені күшпен ашып, үйге ұрлыққа түскен.

Содан ұрлаған алтындарды облыс орталығындағы ломбардтардың біріне өткізсе, ноутбуктың біреуін сатып кеткен. Ал ақшасын жаратып жіберген. Күдіктіден айғақты зат ретінде ұрланған ноутбуктың біреуі тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда ұсталған күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру