Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көршісінің зергерлік бұйымдарын қолды қылған азамат ұсталды

Қарағандыда көршісінің зергерлік бұйымдарын ұрлаған адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қаңтарда Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне 61 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Жәбірленуші әйел белгісіз біреудің  өзінің пәтеріне кіріп, зергерлік бұйымдарын ұрлап кеткенін айтып шағымданды. Шығын мөлшері 300 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері ұрлық жасаған адамды ұстады. Бұл көрші пәтерде тұратын 27 жастағы ер адам болып шықты. Ол кінәсін мойындады.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық)  қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру