Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық азамат жол белгісін алып кеткен

Қарағандыда жол белгісін ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қаңтарда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінен белгісіз біреудің күн батареялары бар жол стробоскопын ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Бұл құрылғы жол бойына ескерту белгісі ретінде орнатылған. Келтірілген шығын 130 мың теңгені құрады.

Аталған хабарлама негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.

14 қаңтарда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 30 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақ заттар алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру