Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жас жігіт кек алу үшін көршісінің терезе әйнектерін бірнеше рет сындырған

Балқашта жас жігіт кек алу үшін көршісінің пәтерінің терезелерін бірнеше рет сындырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қаңтарда Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне 40 жастағы әйелден арыз түсті. Ол белгісіз біреудің қараңғыда оның пәтеріндегі балалар бөлмесі мен төр бөлмесінің терезелерін бірнеше рет сындырғанын хабарлады.

Балқаш қалалық полиция бөлімінің патрульдік полиция жасағы осы қылмысты жасауға күдікті ретінде көрші үйде тұратын 18 жастағы жас жігітті оқиға орнында ұстады.

Мән-жайды анықтау кезінде бір кездері жәбірленуші мен күдіктінің арасында жанжал болғандығы белгілі болды. Осыдан кейін жас жігіт әйелден осындай жолмен кек алуды бастаған.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабымен (Бұзақылық) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру