Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық алаяқ қала тұрғынын сан соқтырған

Қарағандыда алаяқтың ізі суымай ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қаңтарда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 23 жастағы қала тұрғыны жүгініп, белгісіз біреудің 80 мың теңгесін алдап алып кеткені туралы шағымданды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 34 жастағы күдікті ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады.

Аталған факт негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру