Көше қиылысында белгісіз адам жергілікті тұрғынды ұрып, көшеге лақтырып кеткен
Шымкетте белгісіз адам көше қиылысында жергілікті тұрғынды ұрып-соғып, көшеге лақтырып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 26 шілде күні сағат 21:30-да шамасында Абай ауданы Полиция басқармасының «102» сым тетігіне Алматы тас жолы мен Әл-Фараби көшесінің қиылысында белгісіз адам жергілікті тұрғынды ұрып соғып, көше бойына қалдырып кеткені туралы хабарлама түсті.
Өз кезегінде жедел тергеу тобы аталған оқиға орнына дер кезінде келіп, тексеру барысында белгісіз азамат 1957 жылы туған жәбірленушіге дене жарақаттарын салып оқиға орнынан бой тасалағанын анықтады.
Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігімен «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» тіркелді.
Алайда алған дене жарақатының салдарынан жәбірленуші қайтыс болды.
Нәтижесінде қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігінен 99-бабының 1-бөлігіне қайта сараланды.
Жедел іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Абай ауданын Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі және Патрульдік полиция полкінің №810 автоэкипажының қызметкерлері бірлесіп күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстады. Ол 1979 ж.т. Түркістан облысының тумасы болып шықты.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге Шымкент қаласы мамандандырылған тергеу сотымен «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.