Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көші-қон қызметі екі баланың анасына жеке куәлік алуға көмектесті

Шымкентте көші-қон қызметі екі баланың анасына жеке куәлік алуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың қыркүйегі мен 2021 жылдың мамыры аралығында ҚР Ішкі істер министрлігі БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының Қазақстандағы өкілдігі және «Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы «Сана сезім» Қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, мәртебесі реттелмеген адамдарды Қазақстан Республикасының азаматы немесе азаматтығы жоқ адамның құжаттарын ресімдеу үшін кең ауқымды акция өткізуде.
Осы акция аясында Шымкент қаласының Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 35 жастағы тұрғынға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алуға көмектесті. Юлия Пожарова Шымкент қаласының тумасы, екі баласын тәрбиелеп отыр. Жеке жалдау бойынша жұмыс істейді. Юлияда жеке басын куәландыратын құжаттар болмаған. Полиция қызметкерлері «Сана сезім» Әйелдер бастамасы құқықтық орталығының өкілдерімен бірге оның туу туралы куәлігін қалпына келтіріп, барлық қажетті құжаттарды толтыруға көмектесті. Осылайша, азаматша ҚР азаматының жеке куәлігімен құжаттанды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру