Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Курьер полиция қызметкерлеріне нашақорлар туралы хабарлады

Қырағы такси жүргізушісіне елордалық полиция департаментінің қызметкерлері алғыс хат табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

Жігіттің айтуынша, курьерлік қызметін атқару кезінде ол қонақ үй бөлмесінде тұрақтаған адамдардың есірткі қолданып жатқанын көрген. Бұл туралы елордалық тұрғын тез арада “102”-ге хабарлаған.

Шақырту бойынша Керей Жәнібек хандар көшесіндегі қонақ үйге келген тәртіп сақшылары бөлмелердің бірінде 30 жастағы әйелден жалпы салмағы 3,49 грамм болатын “мефедрон” синтетикалық заты салынған үш құтыны тапты.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау).

Астана қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Рустам Гасизов жігітке алғыс хат табыстап, құқық бұзушыларды ұстауға көмектескені үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру