Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Күшейтілген режимдегі қызмет жалғасып жатыр

Өрт сөндірушілер-құтқарушылар күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын үш мыңнан астам өрт сөндіруші мен құтқарушы жауынгерлік кезекшілікке түседі, олар өрт сөндіру мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуден басқа, қажет болған жағдайда адамдар жаппай баратын орындарда дезинфекция жүргізуге дайын.

Коронавирустық індеттің таралу қаупін азайту мақсатында құтқарушылар әлеуметтік маңызы бар объектілерді, көшелерді дезинфекциялау жұмыстарына қатысады. Аула аумақтарында бензинді аспалы бүріккіштерді қолдану арқылы жүргізеді.

Сонымен қатар аталған іс-шараларға Көкшетау-техникалық институтының оқытушы құрамы қатысты. 20 адамнан тұратын жасақтың құрамы күн сайын құрылады, қашықтықтан сабақ өткізуден және наряд атқарудан бос оқытушылар жұмысқа тартылады. Көкшетау қаласының тротуарларды, тұрақтарды, аула аумақтарын және орамаралық өткелдерді, адамдар көп баратын объектілердің кіру топтарын және аялдама павильондарын дезинфекциялық препараттармен арнайы өңдеу бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізілді.

Жеке құраммен 22-ден астам тонна дезинфекциялық құралдар жұмсалды, 520-дан астам шақырым тротуарлар мен оларға іргелес аумақтар өңделді.

Еліміздің барлық өңірлерінде құлақтандыру жүйесі іске қосылды, күн сайын халыққа СМС-хабарландыру, республикалық және жергілікті телеарналарды ұстап қалу жүргізіледі. ҚР аумағында төтенше жағдай енгізу және жарияланған карантин туралы ел халқын хабардар ету мақсатында республикалық және облыстық теле-радиоарналарды ұстап қалу 1687 рет ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, “Darmen” қосымшасы арқылы қалаға шығу мен кіруді жабу, карантин туралы хабарлама, жедел желі телефондары және Egov мемлекеттік қызметтері бойынша 274 SMS-хабарлама жіберілді.

Сондай-ақ ұнауы мүмкін

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.