Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дауылдан кейінгі материалдық шығынды анықтау үшін комиссия құрылды

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде күн райының құбылуы мен су тасқыны кезеңіне байланысты брифинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7-8 сәуірде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында 30 м/с және одан да күшті жел тұрғаны белгілі.

40 аудан мен 7 қала зардап шекті, Ақмола облысында – 2 қала (Көкшетау, Степногорск қ.), 12 аудан, Қостанай облысында – 3 қала, 12 аудан, Солтүстік Қазақстан облысында – 2 қала, 11 аудан.

395 нысанның шатыры ұшты, оның ішінде 292 әкімшілік ғимарат және 103 тұрғын үй (Ақмола облысында – 210 объект, оның ішінде 132 әкімшілік ғимарат, 78 тұрғын үй, Қостанай облысында – 92 объект, оның ішінде 91 әкімшілік ғимарат, 1 тұрғын үй, Солтүстік Қазақстан облысында-93 объект, оның ішінде 69 әкімшілік ғимарат, 24 тұрғын үй).

Сондай-ақ, аймақтарда электрмен жабдықтау жүйесі де істен шықты. Қазір оларды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Өңірлердің жергілікті атқарушы органдары материалдық залалды анықтау және бүлінген ғимараттар мен құрылыстардың санын нақтылау жөнінде арнайы комиссия құрды.

Белгілі болғандай, су тасқыны екі фазада өтеді. Су тасқынының бірінші фазасы еліміздің оңтүстігінде және батысында аяқталды, тұрақты және қиындықсыз өтті.

Сонымен бірге 14 наурызда Көкшетау қаласының Әшімов көшесінде көлік жүретін көпірде су тасыды. Уақтылы қабылданған шаралардың арқасында тұрғын үйлерді су басқан жоқ.

Өңірлердегі су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуі мақсатында мұзды босату (135 жарылыс жұмыстары), арықтарды, арналарды, (11,8 мың шақырым) және автомобиль мен темір жолдарының астындағы су өткізу құрылыстарын  тазалау (25,6 мың дана) профилактикалық іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қорғаныш бөгенін салу (53,5 шақырым) және жөндеу (114,2 шақырым); тасқын су қауіпі бар өзендердің жағасын бекіту (95 шақырым), түбін тереңдету (255,5 шақырым), түзету (71,1 шақырым), арналарын тазалау  және су бұру арналарын жасау (192,4 шақырым) бойынша жұмыстар жалғасады.

Су тасқыны жағдайын мониторингтеу және қажет шараларды әзірлеу мақсатында аэрокөзбен шолу және жерүсті тексерулері жүргізіледі.

Сәуірде Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары су тасқынының белсенді фазасына түсіп отыр.

Температураның жоғарылауы салдарынан қарқынды түрде қар еру жалғасуда, жекелеген өңірлерде қар және жаңбыр түрінде мол жауын-шашын жауып жатыр. Осының  бәрі су тасқынының күрделенуіне әкеп соғады.

7-9 сәуір аралығында республикада еріген қар суы мен тасқын сулары Қостанай облысында 60 тұрғын үйді және Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының 115 аула аумақтарын басты.

Қар және жаңбыр түрінде мол жауын-шашын түсуі, өрістерден еріген қар суының келуі салдарынан Тімтуірөзенінің су деңгейі көтерілді ( 50 см), бұл 60 тұрғын үй (үйлердегі су деңгейі 5-тен 40 см-ге дейін) Қостанай облысы Қарасу ауданының Қарамырза ауылында (Қарамырза а.170 үй  674  адам) су басуға әкеп соқты.

Қостанай облысы Қарасу ауданының Қарамырза ауылында 30 жеке тұрғын үй суға бату жағдайында тұр.

Қостанай облысында 47 адам, соның ішінде 13 бала эвакуацияланды. Олардың барлығы туыстарына орналастырылды.

Ауыл шаруашылығы жануарларын сақтап қалу үшін 608 бас ірі және ұсақ мал, 450 шошқа және 15 жылқы қауіпсіз жерге айдалды.

Қардың қарқынды еруінен және жаңбыр түрінде мол жауын-шашынның түсуінен Жабай өзенінде су деңгейі 3 метрге дейін күрт көтерілді (шекті деңгейі – 3,2м, қазіргі кезде су деңгейі 2,3 м төмендеді). Ақмола облысы Сандықтау ауданының Балқашино ауылында 2 аула маңы аумағын су басты.

Ақмола облысы Сандықтау аданының Балқашино ауылындағы тұрғын үйлерді су басу қаупін жою үшін аула аумағында үйемелеу жүргізілуде (50 м.), онда 32 адам, 8 бірл.техника мен 2 жүзу құралы жұмылдырылды.

Шығыс Қазақстан облысында аула аумағындағы су басуды жою, оның ішінде үйемелеу, су сору, арықтарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

“Казгидрометтің” ақпараты бойынша еліміздің орталық және солтүстік бөлігінде күндізгі және түнгі температураның төмендеуі және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуі жалғасады.

Су тасқыны күрделенген жағдайда халықты эвакуацяилау үшін  1707 қабылдау пункті, қажет құралдар (шатыр, кереует), тамақ өнімдері мен ауыз су қоры дайындалды.

ІІМ жалпы саны жеке құрамнан 9 мыңнан астам (9874) адам, 1,5 мыңнан астам (1730) бірлік техника күштер мен құралдар топтамасын қалыптастырды.

Су жайылу аймағына жеткізілуі ықтимал резервті топтар дайындалды (ТЖК-ға берілген күштердің жалпы саны 434 адам, 63 бірлік техника, 29 жүзу құралы және 83 мотопомпа, Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінің  – 1610 әскери қызметшілері мен 151 бірлік техниканы құрайды).

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру