Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Лагерьде балалар жол қозғалысы ережелерін меңгеру бойынша сайысқа қатысады

Қапшағай маңындағы лагерьде 250-ден астам бүлдіршін жол қозғалысы ережелерін меңгеру бойынша білім сайыстырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы бағдарлама бойынша Түркістан облысының Мақтарал ауданында төтенше жағдайдан зардап шеккен 270 жуық бала қазіргі уақытта Алматы облысы Қапшағай қаласы маңында балаларды сауықтыру және олардың жазғы демалысын дұрыс ұйымдастыру мақсатында арнайы жұмыс істейтін «Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалуда. Балалар мен лагерь әкімшілігі облыстық Жергілікті полиция қызметі басқармасымен бірлесе отырып, балалар демалысын пайдалы әрекеттермен ұштастыру туралы шешім қабылдады. Биыл 3-8 тамызда оқу орталығында «Жас қозғалыс инспекторларының» слеті өтеді. Онда балалар жол қозғалысы ережелері бойынша өздерінің дағдылары мен білімдерін көрсетеді. Атап өту қажет, шара барысында барлық карантиндік нормалар мен қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады.

– Жарыс бағдарламасы өте мазмұнды және әртүрлі. Балалар жол жүру ережелері туралы білімдерін және жолды дұрыс бағдарлай білуін көрсетеді. Конкурс кезінде велосипедті мәнерлеп жүргізу, жол апаты кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын дәлелдеу қамтылған. Бұл іс-шараны өткізудің негізгі міндеті – балалар мен жасөспірімдер арасында жол жүру ережелерін насихаттау, жолдардағы балалар жарақатының алдын алу, Бірінші кезекте – олар балалардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлқының алдын алудағы біздің жас көмекшілеріміз. Мектеп оқушыларының жол ережелерінің негіздерін ғана емес, саптық дайындықты да игергені қуантады, – деді Алматы облысы ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айжан Алибайқызы.


Полицейлердің мәліметінше, балаларды сауықтыру аясында осындай конкурстық бағдарлама дәстүрге айналған және жыл сайын өткізіледі. Жол қозғалысының жас инспекторлары жобасының ұйымдастырушылары және тұрақты қатысушылары оқу-сауықтыру орталығы мен «Қазақстандағы Қызыл Жарты Ай» қоғамының әкімшілері жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау мен қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосуда.

– Атап айтсам», «Жас санитар» атты сайыста балалар қазылар алқасына алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетті. Ал үгіт топтарының шығармашылық байқауы мен суреттер конкурсы балалардың шынайы талантын дәлелдеді. Слеттің барлық қатысушылары лайықты нәтижелер көрсетті, – деді «Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығының 10-маусымын ұйымдастырушы Мұрат Жәнібек.

Сонымен қатар, полицейлер жыл басынан бері жол жағдайын тұрақтандырып, балалардың жол-көлік жарақаттарының деңгейін 27,2 пайызға төмендеткенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру