Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мал ұрлаған ұрыны қызылордалық полицейлер анықтады

Мал ұрлаған ұрыны қызылордалық полицейлер анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 мамыр күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөліміне Сұлутөбе ауылының тұрғыны өрісте жайлымда жүрген сиырының 2019 жылы жоғалып, осы күнге дейін табылмағаны туралы арызданған. Мал иесі іздеуді өзі жүргізген, бірақ іздеу нәтиже бермеген соң полицияға жүгінген.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде мал ұрлығын жасаған осы ауылдың тұрғынын ұстады. Күдікті сиырдың құлағына тағылған сырға мен енін өзгерткен. Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерек бойынша РК ҚК-нің 188-1-бабы бойынша (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру