Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мал ұрлығы” ЖААШ: ШҚО-да полицейлер ұрланған мал етін өткізу орындарын тексеруде

ШҚО-да полицейлер ұрланған мал етін өткізу орындарын тексеруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 15 қарашасынан бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында мал ұрлығына қатысы бар адамдарды анықтауға, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған “Мал ұрлығы” жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.

Іс-шараның бірінші күні ШҚО полицейлері мал мен ет өнімдерін тасымалдаған 139 автокөлікті, 122 шаруа қожалығын және мал бағу орындарын, ұрланған малды сату фактісіне (базарлар, дүкендер, павильондар) 69 мал және ет өнімдерін сату орындарын тексерді.

ҚР ӘҚБтК – нің 406-бабында көзделген ветеринария саласында 18 құқық бұзушылық анықталды – “Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу”, оның ішінде 17-і мал және ет өнімдерін тасымалдағаны үшін, біреуі мал және ет өнімдерін сатқаны үшін (барлық материалдар ветеринариялық қызметтерге жіберілді әкімшілік хаттама толтыру үшін жолданды).

Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) бойынша мал жаю ережелерін бұзған 56 мал иесі иелері жауапкершілікке тартылды.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына малды қараусыз қалдырмауға, малды таңбалау және биркалауға кеңес береді.

Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда жақын жердегі полиция бөліміне немесе “102” жедел арнасына дереу хабарласыңыз. Бұл тәртіп сақшыларына қылмысты ізін суытпай ашуға және күдіктілерді жедел ұстауға өз септігін тигізеді.

Айта кетейік, “Мал ұрлығы” шарасы 24 қарашаға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру