Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Мал ұрлығына жол жоқ": Атырау облысында 150-ден астам шаруа қожалығы тексерілді

Атырау облысында 150-ден астам шаруа қожалығы тексерілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика көлемінде өтіп жатқан "Мал ұрлығына жол жоқ" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында №1 Атырау қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Тасқала ауылдық округіндегі жайлау мен шаруа қожалықтарын аралап, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Полицейлер шаруа қожалықтарының иелерімен кездесіп, тіркелмеген азаматтар, профилактикалық есепте тұрған тұлғалар, жалғызбасты қарттар мен әлеуметтік осал топтағы отбасылардың жағдайына назар аударды, сондай-ақ тұрғын үйлердің қауіпсіздік деңгейін, мал қораларының жай-күйін және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексерді. Сонымен қатар, малды таңбалау мен есепке алу, күмәнді жағдайлар туындағанда бірден "102" арнасына хабарлау қажеттігі түсіндірілді.

Бүгінде Атырау қаласы аумағында 2 мыңға жуық жайлау мен шаруа қожалығы бар. Іс-шара басталғалы олардың 150-ден астамына тексеру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, республикалық жедел-профилактикалық іс-шара 10 сәуірге дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру