Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы ІІО ардагерлері мұражайда кездесу өткізді

Маңғыстау облысы ІІО ардагерлері мұражайда кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 мамыр – Халықаралық мұражай күніне орай Маңғыстау облысының ішкі істер органдарының ардагерлері Департамент музейінде кездесу өткізді. Ішкі істер органдарының ардагерлері жас ұрпақ үшін көненің тірі көзі болса, мұражайдағы мұрағаттар өңірдегі полицияның милиция кезеңінен бергі тарихының мызғымас мұрасы.

Дәл осы күні ардагерлердің бас қосуының себебі – өткенге үңілу, жүріп өткен жолдарына тарих арқылы сапар шегу және бүгінгі мен кешегіге талдау жасап, саралау болды.

Департамент мұражайының меңгерушісі Ақбала Алекешева Маңғыстау полициясының тарихын мәнді де сәнді қылып әңгімелеп, ардагерлер кездесуден кейін “уақыт машинасына” отырып өткенге сапар шеккендей керемет әсерде қалды.

– Біздің мұражайымызда мыңнан астам мұрағат сақталған. Осы кезге дейін үш мыңға жуық экскурсия өткізілді. Келушілердің қатарында ірі тұлғалардан бастап, мектеп оқушыларына дейін бар. Одан бөлек, дөңгелек үстелдер, кездесу секілді түрлі шаралар да жиі ұйымдастырылып тұрады, – деп мәлімдеді Ақбала Алекешева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру