Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы карантинге жабылады

Коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуына жол бермей, халықтың денсаулығын сақтау мақсатында Маңғыстау облысының аумағында 2020 жылдың 3 сәуірі 00:00 сағатынан бастап 2020 жылдың 15 сәуірі 07:00 сағатына дейін карантин режимі және шектеу шаралары енгізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша 11 блок-бекеттер мен бес мобильдік жылжымалы бекет, яғни санитарлық бекеттер орнатылды. Қала маңында және елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін біздің тұрғындардың мүдделерін ескере отырып, орналасу таңдалған. 3 сәуірден бастап аталмыш бекеттер өз жұмысын бастады және тәулік бойы жұмыс істейді. Полиция қызметкерлері күзет орнына тәулік бойы екі нарядқа кіріседі. Күндізгі уақытта 08:00-ден 20:00-ге дейін 2 полиция қызметкері, түнгі уақытта 20:00-ден 08:00-ге дейін төрт полиция қызметкері. Медициналық қызметкерлер мен еріктілер бірлесіп кезекшілік етеді. Әрбір блок-постыда наряд бойынша жауапты тұлға және аға басшы болады. Сондай-ақ әрбір блок-бекетке бөлімшелердің полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Мұндай санитарлық бекеттер облыстың барлық елді мекендерінің кіре берістерінде және шығуларында орналасқан:
1) Құрық ауылының қиылысында-демалыс базасы;
2) Ақтау-Жетібай автожолы “Нұржан” кафесі”;
3) № 1, № 2 карьерлері, Батыр ауылы;
4) Баянды-Емір автожолы;
5) Ақтау-Форт-Шевченко автожолы 43 км;
6) “Ивушка” демалыс базасының қиылысы”;
7) Жетібай-Жаңаөзен автожолы 63 км;
8) Т-бейнелі қиылыс “СП Теңге”;
9) Форт-Шевченко қаласына шығу жері;
10) Ақтау-Құрық автожолындағы мобильдік бекет 72 км;
11) Құрық-Жетібай 58 км автожолындағы мобильді бекет;
12) Ақтау-Жетібай 82 км автожолындағы мобильдік бекет;
13) Шетпе-Жетібай автожолындағы мобильдік бекет;
14) Боранқұл-Атырау 210 км автожолындағы блок-бекет ;
15) Бейнеу-Ақтау автожолындағы блок-бекет 335 км;
16) Тәжен мобильді бекеті.

Карантин режиміне байланысты 2020 жылдың 3 сәуірі күні сағат 00:00-ден бастап 2020 жылдың 15 сәуірі күні сағат 07:00-ге дейін халықтың өмір белсенділігін қамтамасыз етуші автокөліктерді қоспағанда, азаматтардың Маңғыстау облысының аумағына кіру мен шығуына тыйым салынады. Сондай-ақ, барлық тұрғындар өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттары: жеке куәлігі, жүргізуші куәлігі, төлқұжаты, тұруға рұқсат беретін ықтиярхаты болуы тиіс.
Халықтың өмір белсенділігін қамтамасыз етуші автокөліктерді (азық-түлік, дәрі-дәрмектерді тасымалдайтын жүк және жеңіл машиналар, сонымен қоса төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін арнайы және қызметтік көліктер) қоспағанда, облыс тұрғындарына қалалар мен аудандар арасына қатынауға тыйым салынады.
Облыс тұрғындарының өмір белсенділігін қамтамасыз етуші медициналық, полиция, авариялық-құтқару және өзге де коммуналдық шұғыл қызметтердің (жылу, газбен қамту, су және энергиямен жабдықтау) әрекеттері шектелмейді. Ресми және ресми емес (тіркелмеген) жеке тасымалдаушыларға (автобустар, газельдер, такси) облыстар, аудандар арасында жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.
Жасы 65-тен асқан тұрғындар ерекше қажеттілік болмаған жағдайда өз пәтерлері мен үйлерінен көшеге шықпауы тиіс. Тұрғын үйінен өзге жерге барғанда бетперде (маска) киіп жүру, бір реттік қолғап киіп, қолдарын өңдеуге арналған тері антисептиктері болуы тиіс.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті қауесеттер және арандатушылық ақпараттардың жолын кесу жұмыстары ерекше бақылауға алынып, ондай деректер анықталған жағдайда олардың одан әрі таралмауы және кінәлі тұлғалардың ҚР заңнамасымен көзделген жауапкершілікке тартылу шаралары шұғыл түрде алынатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру