Маңғыстау облысы ПД бастығы тергеушілердің ата-аналарына алғыс білдірді
6 сәуір – Тергеу күніне орай Маңғыстау облысы полиция департаментінде салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталмыш жиында Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов тергеушілердің ата-аналарын Ішкі істер министрінің алғыс хатымен марапаттады.
Аталған марапаттар өнегелі отбасы үлгісін дәріптеу, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі және отбасылық құндылықтарды насихаттағаны үшін табысталды.

Іс-шара барысында бірқатар тергеуші Ішкі істер министрлігі атынан төсбелгілермен, грамоталармен, сондай-ақ ПД грамоталары, алғыс хаттары және бағалы сыйлықтармен (қол сағаттарымен) марапатталды.
Сонымен қатар бір қызметкерге мерзімінен бұрын арнаулы атақ беріліп, жиын барысында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған қызметкерді құрметті түрде зейнетке шығарып салды.

