Қарағандыда полиция қызметкерлері бірнеше айға созылған жанжалды шешті
Қарағандыда полиция қызметкерлері бірнеше айға созылған жанжалды шешті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қаласындағы көшелердің бірінің тұрғындары қалалық gолиция басқармасы қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында көптен күткен тыныштыққа қол жеткізді. Тәуліктік жалға берілетін үйдің жалға алушылары тарапынан қоғамдық тыныштықтың үнемі бұзылуына байланысты бірнеше айға созылған жанжал полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының нәтижесінде өз шешімін тапты.
Ұзақ уақыт бойы көршілер қоғамдық тәртіптің жүйелі түрде бұзылуынан зардап шекті. Көптеген шағымдарға қарамастан, үй иесі жағдайды реттеу үшін тиісті шаралар қабылдамаған. Үнемі өткізілетін шулы кештер мен көршілер арасындағы қарым-қатынас нормаларын елемеу көптеген тұрғындардың өмірін қиындатқан.
Бұл жолы да кезекті құқық бұзушылық салдарынан туындаған жанжал полицияға жүгінуге себеп болды. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы – Е. Жукин мен Н. Раимбеков келді. Тұрғындардың уәждерін тыңдағаннан кейін полицейлер үй иесін түсініктеме беру үшін шақырды.
Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған тұлғаларды жауапкершілікке тартты. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, айыппұл салынды. Сонымен қатар әрекетсіздік танытқаны үшін үй иесі де жауапқа тартылды.
— Полиция қызметкерлері өтінішке жедел жауап беріп, қажетті жұмыстарды жүргізді, құқық бұзушыларға әкімшілік шара қолданды, айыппұл рәсімдеді және ең бастысы — өтініш нәтижесі бойынша кері байланыс ұсынды. Олардың нақты әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында жағдай реттелді, — деп қала тұрғыны Э. Маликова алғыс хатында заңдылық пен тәртіптің қалпына келтірілгені үшін ризашылығын білдірді.
