Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында Әкімшілік полиция басқармасының бастығы құрметті зейнет демалысына шықты

Маңғыстау облысында Әкімшілік полиция басқармасының бастығы құрметті зейнет демалысына шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсенбаевтың қатысуымен жеке құрам Әкімшілік полиция басқармасына жетекшілік еткен полиция полковнигі Жеңіс Дадаевты құрметті еңбек демалысына шығарып салды.

Жеңіс Дадаев 1966 жылдың 1 мамырында дүниеге келген. ІІО-да 1997 жылдан бері қызмет атқарады. Ол өз қызметін жол полициясынан бастаған. Оның тәжірибесінде көші-қон қызметі де, емтиханды тіркеу қызметі де бар және тағы басқа да қызметте болған. 2018 жылдың 1 мамырынан 2022 жылдың 1 маусымына дейін соңғы төрт жылда Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасын басқарды.

– Жеңіс Дадаев, сіз ішкі істер органдарында 25 жылдан бері түрлі лауазымдарда қызмет атқарып келесіз, үлкен еңбек жолынан өттіңіз. Сіздің басшылығыңызбен жас қызметкерлерді тәрбиелеу, полиция қызметкерлерінің бойында жоғары кәсіби және адами қабілеттерді қалыптастыруда зор жұмыс атқардыңыз. Қызметте нағыз кәсіби маман және құзыретті басшы болсаңыз, отбасыңызда қамқор әкесіз, сүйікті атасыз. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін, – деп өз тілегін жеткізді ПД бастығы Аян Дуйсембаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру