Маңғыстау облысында “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды
Маңғыстау облысы аумағында 13-17 қараша күндері аралығында республикалық “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған шара аясында полиция қызметкерлері 9 әкімшілік және 2 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеді.
Сондай-ақ тексеру барысында айналымдағы заттардың келесідей түрлеріне шектеулер қойылды:
– есірткі тектес заттардың 48.372 ампуласы;
– психтроптық заттардың 26.485 ампуласы мен 600 таблеткасы;
– 161 тонна 755 келіні құрайтын прекурсорлар.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен 6 медициналық ұйым, 7 кәсіпорын, 10 фармацевтикамен айналысатын дәріханаға рейдтік іс-шара жүргізілді.