Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да браконьерлер мемлекетке 15 млн теңгеден астам шығын келтірген

Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 300-ден астам дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері аң аулаудың, орман ағаштарын кесудің, балық ресурстарын өндірудің, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін әкетудің, тасымалдаудың заңсыз фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасынын қорытындылады.

19 қазан мен 20 қараша аралығында өткен іс-шараға ШҚО ПД-ның барлық қалалық және аудандық бөлімшесінен табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері және басқа да мүдделі қызметтер жұмылдырылды. Жедел-профилактикалық іс-шараның бір айында 307-ден астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзу дерегі анықталды.

– Заңсыз аң аулау фактілері бойынша 5 қылмыстық іс қозғалды, заңсыз ауланған елік және аюдың жеті бірлігі тәркіленді. Балық ресурстарын заңсыз өндіргені үшін 7 қылмыстық іс қозғалды, онда 4,5 тоннаға жуық балық биоресурстары тәркіленді. Ағаштарды заңсыз кесудің бір фактісі анықталды, нәтижесінде 19.19 метр текше метр көлемінде заңсыз дайындалған орман тәркіленді. Мемлекетке келтірілген залал 15 млн теңгеден асты, – деп атап өтті ШҚО ПД ЖПҚБ ТҚТ аға инспекторы Әсет Қизатов.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері 294 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Табиғатқа зиян келтірген бұзушыларға екі миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері бекітілген аңшылық алқаптарда аң аулауға болатындығын еске салады. Аңшының өзімен бірге: тиісті жылға арналған мемлекеттік бажды төлеу белгісі бар аңшы куәлігі, аң аулауға рұқсат, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы, аңшылық атыс қаруын алып жүру құқығына рұқсат болуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру