Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында есірткі өсірген тұрғын анықталды

Маңғыстау облысында есірткі өсірген тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қарашада сағат 15:00 шамасында Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Приморский-1 шағын ауданында марихуана есірткі өсімдігін өсіретін 61 жастағы күдіктіні ұстады.

Жеке тінту кезінде күдіктіден 65 190 теңге көлемінде ақшалай қаражат табылды. Әрі қарай тұрғылықты жерін тінту кезінде 1,5 млн теңгеге жуық және 8 мың рубль көлемінде ақша тәркіленді. Сонымен қатар төрт орама қап марихуана есірткі өсімдігі, бір марихуана өсімдігінің түп тамыры және есірткі өсіруге арналған арнайы құралдар тәркіленді. Тәркіленген есірткі өсімдіктерінің жалпы салмағы бір келіден асады.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-да тіркелген Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру