Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында пробация есебіндегі азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында пробация есебінде тұрған және мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған азаматтар арасында қайта қылмыс жасаудың алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар өткізілді. Іс-шараны ҚАЖД Мұнайлы аудандық пробация қызметі ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында қатысушыларға заң талаптары мен сот белгілеген міндеттерді сақтау тәртібі түсіндіріліп, құқық бұзған жағдайда жауапкершілік қарастырылатыны ескертілді. Сондай-ақ интернет-алаяқтықтың алдын алу, дроппер ретінде банк карталарын үшінші тұлғаларға берудің заңсыз екені туралы ақпарат берілді.

Мамандардың айтуынша, негізгі мақсат — сотталған азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды қоғамға бейімдеу және қайта қылмысқа жол бермеу. Шара соңында қатысушыларға құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Маңғыстау облысы ҚАЖД өкілдері мұндай жедел-профилактикалық және түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті. Олар пробация есебіндегі тұлғалармен жеке жұмыс күшейтіліп, әлеуметтік қызметтер мен жергілікті органдардың өзара іс-қимылы арқылы қайта қылмыстың алдын алу шаралары жүйелі түрде жүргізілетінін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру