Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының полиция полковнигі ІІО ардагерлері қатарына қосылды

Атырау облысының полиция полковнигі Нығмет Мутигуллин ІІО ардагерлері қатарына қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің тергеу, анықтау, криминалистика және басқа да басқарма-бөлімінің жеке құрамы полиция полковнигі Мутигуллин Нығмет Сәметұлы құрметті демалыс – зейнеткерлікке шығуымен құттықтады.

Облыс аумағында қылмыспен күрес, қоғам тыныштығын қамтамасыз етуде 35 жыл бойы аянбай қызмет атқарған Нығмет Мутигуллин зейнеткерлікке шыққанға дейін ПД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары болды.

Нығмет Мутигуллин 1989 жылы Ресей Федерациясының ІІМ жоғары мектебін, Рязань қаласындағы КСРО ІІМ жоғары мектебін (1996), Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін (2015) үздік бітірген.

Тергеу саласы – тиянақтылықты қажет етеді.
Қылмыскерлермен бетпе-бет келіп, жауап алатын тергеушілер жұмысының жауапкершілігімен қатар, ауыртпалығы да жетерлік. Осындай күрделі салада ұзақ жылдар аянбай адал қызмет атқарған полиция полковнигі Нығмет Сәметұлы бірнеше марапаттарға ие болған жан.

Марапаттар арасында Ішкі істер министрі
Е.Тұрғымбаев тапсырған “Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері” төс белгісі ерекшеленеді.

– Қылмыскерді ажыратып, оның жасаған қылмысын дәлелдеп, жан жақты тергеп-тексеру тергеушілерден біліктілікті талап етеді.
Полицияның жұмысы әрқилы, қатып қалған қағида жоқ. Бастысы, тапсырылған жұмысты абыроймен орындау. Қызметтің қыр-сырымен өз міндетін жоғары деңгейде білгенде ғана ол- кәсіби маман болады. Сондықтан сіздерге табыс тілеймін,-деді ІІО ардагері Нығмет Мутигуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру