Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жігіт танысының ұялы телефондарын қолды қылды

Арыс қаласының полицейлері ұялы телефондар ұрлаған ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс аудандық ПБ-нің кезекші бөліміне Арыс қаласының тұрғыны арызданып, үйінен “Samsung” және “Nokia” маркалы екі ұялы телефоны ұрланғаны жөнінде хабарлаған. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық” бойынша СДТТБТ-ға тіркелді. Арыс АПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері бірден оқиға орнына шықты.Полиция қызметкерлері жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәлардан жауап алып, басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Арыс аудандық полицейлері телефон ұрлаған күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотты болған Арыс қаласының тұрғыны, жәбірленушінің танысы болып шықты.

Анықталғандай жігіт жәбірленушімен бірге ішімдік ішкеннен кейін, ұялы телефондарын жымқырып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Содан кейін ұрланған телефондарды сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Айғақты зат ретінде ұрланған ұялы телефондар тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды.Қазіргі уақытта күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатта. Ұялы телефондарды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға сақ болу және телефондарды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Бағалы заттар мен ақшаны жабық жерлерде немесе киімнің ішкі қалталарында сақтаған дұрыс. Сондай-ақ, қоғамдық орындар мен дүкендерге барған кезде құнды заттарды назардан тыс қалдырмаңыз. Ұялы телефондар ұрланған немесе жоғалған жағдайда тез арада полицияға “102” телефоны арқылы хабарласу керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру