Маңғыстау облысының тұрғынын бопсалаған қылмыстық топ құрықталды
Маңғыстау облысының тұрғынын бопсалаған қылмыстық топ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 22 ш/а №17 үйдің артқы жағында орналасқан жолда бопсалаумен айналысқан деген күдікпен 36 жастағы азаматты ұстады. Жәбірленушінің айтуынша, үш адам одан 500 мың теңге көлемінде ақша бопсалаған.
Ұсталған адамды тінту барысында темекі қорабынан 2-дана гашиш есірткі затына ұқсас оралған қағаз парақтары, сондай-ақ екі ұялы телефон тәркіленді.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті өз әрекеттерін толық мойындады. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмысқа қатысы бар қалған күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.