Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау полицейлері қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні “ізін суытпай” ұстады

Маңғыстау полицейлері қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылы 22 сәуірде сағат түнгі 03:07 шамасында Ақтау қаласы Полиция басқармасы 102 кезекші пультіне белгісіз біреу дүкен сатушысына күш көрсету арқылы қарақшылық шабуыл жасап, ақша қаражатын, ұялы телефондарын ұрлап кеткендігі туралы шақырту түсті.

Шақыруға патрульдік полиция батальонының қызметкерлері барды, олар қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні “ізін суытпай” ұстады.

Күдікті жол бойында такси тоқтатып тұрған жерінен тәртіп сақшыларының көзіне түсті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 192-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Ақтау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру