Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау полициясы мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті

Отбасы күні мерекесі қарсаңында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі аз қамтылган  отбасыларға, көп балалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Полиция қызметкерлері дәстүрлі түрде Халықаралық отбасы күнін жыл сайын атап өтеді.

Кәсіби міндетіне деген адалдық полиция қызметкерлеріне мереке күндері де басты міндет – қорғау мен көмек туралы ұмытып кетуге мүмкіндік бермейді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қолайсыз отбасылармен, көмекке мұқтаж отбасылармен жиі кездесiп отырады.


Полиция қызметкерлері Халықаралық отбасы күніне орай қайырымдылыққа тағы бір үлесін қосты. Отбасы күні мерекесі қарсаңында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі аз қамтылган  отбасыларға, көп балалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға көмек көрсетті.

 

 


Отбасы әрқашан әр адам үшін ең маңызды руханият пен имандылық орталығы болған. Бірақ отандастардың қолдауынсыз кейбір отбасыларға, әсіресе, осындай қиын кезеңде өмір сүру оңай емес. Сондықтан полиция кызметкерлерi отбасылардың нығаюына өз үлестерiн косып олардың қаржылық жағдайын жақсартуды ұйғарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру