Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау полициясында 50-ден астам ұлт өкілдері қызмет етеді

Маңғыстау полициясының қатарында 50-ден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері абыройлы қызмет етіп келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олар күнделікті өз міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқарып, Қазақстан Республикасына адал қызмет етудің үлгісін көрсетіп келеді. Түрлі этнос өкілдерін біріктіретін басты құндылық – ортақ Отанға деген сүйіспеншілік пен антқа адалдық.

Қандай ұлттан шыққанына қарамастан, барлығының мақсаты бір – елге қызмет ету, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Бұл – бірлік пен татулықтың, өзара құрмет пен сенімнің айқын көрінісі.

Ақтау қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы Владимир Качаненко да бұл мерекенің маңызын ерекше атап өтті.

– Менің ұлтым – татар, туған жерім – Алматы қаласы. Қазақстан Республикасының азаматы болғанымды мақтан тұтамын. Қазақ қызына үйленіп, отау құрдым, – деді ол.

Ал Маңғыстау облысы ПД штаб басқармасының бастығы Наталья Владимировна өз сөзінде мемлекеттік тілге деген құрметін жеткізді.

– Менің ұлтым – орыс. Ішкі істер органдарында 25 жыл қызмет атқарудамын. Ақтау қаласында туылдым. Қазақ тіліне деген махаббатым шексіз және оны жетік меңгергенмін, – деді ол.

Қазақстан халқының бірлігі күні – бейбітшілік пен келісімнің мерекесі. Осы орайда Маңғыстау полициясының қызметкерлері қоғамдағы тұрақтылықты сақтау жолында аянбай еңбек етіп, ел бірлігін нығайтуға өз үлестерін қосып келеді.

Жауап қалдыру