Маңғыстау тұрғынынан марихуана тәркіленді
Маңғыстау тұрғынынан марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 ақпан күні сағат 12:50 шамасында облыста өткізіліп жатырған “Anti fraud” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында келіп түскен жедел ақпаратқа сәйкес, Мұнайлы ауданы Атамекен ауылының 46 жастағы азаматын тексеру кезінде целлофан пакетіне оралған 2 дана марихуана есірткі заты тәркіленді. Үй-жайды одан әрі тінту барысында күдіктіге тиесілі сөмкенің ішінен 10 дана марихуана табылып, полицейлермен тәркіленіп алынды. Тәркіленген заттардың салмағы 416.44 граммды құрайды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.