Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда есірткі тұтынған жүргізуші көлік басқарып жүрген

Маңғыстау облысында бұрын есірткілік масаң күйде көлік басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған азамат қайтадан есірткілік масаң күйде көлік басқарып жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 5 ақпанда сағат 22.15 шамасында Приморский елді мекенінің тұсында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Toyota Alphard” автокөлігін тоқтатқан.

Медициналық куәландыру нәтижелері көлік тізгінінде отырған 34 жастағы жүргізушінің жеңіл дәрежелі есірткілік масаң күйде болғандығын көрсетті.

Құжаттарын тексеру барысында ер адамның 2020 жылдың жазында осыған ұқсас құқық бұзушылық жасағаны үшін сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан жеті жылға айырылғаны анықталды.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру