Маңғыстауда полицейлер өңірдің кішкентай тұрғындарына ЖҚЕ түсіндірді
Маңғыстауда полицейлер өңірдің кішкентай тұрғындарына ЖҚЕ түсіндірді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері өңірдің кішкентай тұрғындарымен профилактикалық кездесу өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты — балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру.
Полиция қызметкерлері балаларға жолдың жүру бөлігінен өту ережелерін, бағдаршам сигналдарының және негізгі жол белгілерінің мағынасын түсінікті тілде түсіндірді. Ерекше көңіл ауладан шыққан кездегі, сондай-ақ велосипед пен самокат тепкен кездегі қауіпсіздікке бөлінді.
Теориялық бөлімнен кейін балалар викторина барысында алған білімдерін бекітті. Белсенді қатысқандарға жадынамалар, ЖҚЕ бойынша бояғыш кітаптар және жарық шағылыстырғыш элементтер табысталды.
Полиция ата-аналарды балалармен жол қауіпсіздігі туралы жиі әңгімелесіп, жеке үлгі көрсетуге шақырады.
