Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда полицейлер қаруды заңсыз сақтаған тұрғынды ұстады

Маңғыстауда полицейлер қаруды заңсыз сақтаған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 тамызда сағат 22:00 шамасында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде қаруды заңсыз сақтаған күдікті адамды ұстады.

Пәтерді тінту барысында жоғарыда аталған тұлғадан “Zoraki” маркалы револьвер, тоғыз патрон, екі пневматикалық тапанша және қолдан жасалған үш пышақ табылды және тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді. Кінәліге қатысты кінәнің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру