Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда полиция қызметкерлеріне 16 қызметтік көліктің кілті табысталды

Маңғыстауда полиция қызметкерлеріне 16 қызметтік көліктің кілті табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Amanat партиясының Жергілікті полиция қызметінің жұмысына “Жұртқа жақын полиция” қағидатын енгізу, “Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!” Жол картасы аясында Маңғыстау облысы Полиция департаментіне 16 қызметтік автокөлік берілді. 23 қараша күні Полиция департаментінің алаңында департамент бастығы Аян Дуйсембаев қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады.

Барлық автокөліктер заманауи арнайы техникамен, бейнетіркеуіштермен және навигациялық жүйелермен жабдықталған. JPS жүйесі арқылы көліктердің қай бағытта жүргені орталықтан бақыланады.

Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларына алты Нива автокөлігі және патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне 10 Chevrolet Cobalt көлігі берілді. Жаңа автокөліктер азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін сақтауға, қылмыстарды ашуға, құқық бұзушыларды ұстау және облыс орталығы мен аудандарда көшелерді патрульдеу мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру