Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда психолог маман сотталғандармен терапия дәрістер өткізді

Маңғыстауда психолог маман сотталғандармен терапия дәрістер өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №77 мекемесінде арнайы контингенттер арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыс бойынша бөлімінің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог маманы Тоғжан Жиембаева сотталғандармен терапия дәрістер өткізді. Ол «Психосоматикамен жұмыс», «Өзін-өзі бағалаудың төмендігі мен байланысты қарым-қатынас қиындықтары», «Отбасылық жанжалдар», «Қоғамда орын таба алмау» тақырыптарында коррекциялық терапия жүргізді.

– Мұндай іс-шаралардың мақсаты арнайы контингенттердің өздерінің мінез ерекшеліктерін, қарым-қатынас мәдениетін диагностикалауға үйретіп, өздерінің теріс қылықтарының кесірі тек өздеріне тиетінін түсіндіру арқылы эмоционалдық жағдайларын үйлесімді етуге қызығушылықтарын тудыру болып есептеледі, – деп түсіндірді психолог.

Нәтижесінде сотталғандардың психоэмоционалдық жағдайлары жақсарып, өзге адамдармен қарым-қатынас орнату барысында түрлі әдістерді үйренді, сондай-ақ, шығармашылық қабілеттері арта түсті. Жазасын өтеушілер релаксация арқылы жағымсыз ойлардан арылу бағытында кері байланыс орната білді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру