Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда “Қақпа алдында кездесу” іс-шарасы өтті

Маңғыстауда “Қақпа алдында кездесу” іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қақпа алдында кездесу” әлеуметтік жобасы Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/8 ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде сәтті жүзеге асырылуда. Мұндай іс-шаралардың мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмысқа орналастыруда қолдау көрсету.

Жақында колониядан жазасын өтеп жатқан сотталған Гүлнар (аты өзгертілген) жаза мерзімі аяқталғаннан кейін мекемеден босатылды.

Сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық жұмыс жөніндегі бөлім жасағының бастығы Е.Сәрсенбаев және босатылғандарды еңбекке және тұрмысқа орналастыру жөніндегі аға инспекторы Ж. Махашев “Қақпа алдында кездесу” және босатылғанмен сұхбат ұйымдастырды, оның бостандықтағы құқықтары мен міндеттерін түсіндірді.

Мекеме қақпасының алдында сотталушыны оның туыстары күтіп отырды. Гүлнар айтқандай, бұл ол үшін ерекше және көптен күткен күн болды. Енді нық қадаммен жаңа өмір басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру