Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда ер адамның көлігінен қызыл кітапқа енген 150 келі балық табылды

Маңғыстауда қызыл кітапқа енген 150 келі балық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысында “Бекіре-2021” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қызыл кітапқа енген балықтарды заңсыз аулау фактісі анықталды. Аталған іс-шара облыстың табиғатты қорғау полициясымен, ЖҚАЖ қызметкерлерімен, сондай-ақ Ақтау қаласы ПБ патрульдік полиция батальонымен және Түпқараған ауданының Полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді.

Мәселен, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында полиция қызметкерлері “УАЗ” автокөлігін тоқтатты. Автомобильді тексеру кезінде полицейлермен жүксалғыштан жалпы салмағы 148 килограмнан асатын бекіре тұқымдас балықтар табылып, тәркіленді. Автокөлік жүргізушісі – 25 жастағы жергілікті тұрғын.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру