Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде үйінен кетіп қалған 17 жастағы қыз табылды

Ақтөбеде үйінен кетіп қалған 17 жастағы қыз табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 сәуір күні Ақтөбе қалалық ПБ №3 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 2004 жылғы кәмелетке толмаған қызының үйіне қайтпағаны туралы анасы арызданған.

Анасының айтуынша, кешке қызы үйінен шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Іздестіру іс-шараларына Ақтөбе қаласы ПБ қызметкерлері, полицияның кешенді күштері және криминалдық полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Өтініш түскен сәттен бастап іргелес аумақтар, орман алқаптары, қараусыз қалған құрылыс обьектілері тексерілді.

Іздестіру шараларының нәтижесінде келесі күні таңертең кәмелетке толмаған баланың қайда екені анықталды. 17 жастағы қыздың достарымен бірге жалдамалы пәтерде болғандығы белгілі болды.

– Бала үйінен бірінші рет кеткен кезінде ата-аналардың мінез-құлқы мен іс-әрекеті маңызды, бастапқы кезеңде ол отбасыдағы жағдайды түзете алады, қарым-қатынасты қалпына келтіре алады. Көбінесе үйден кетудің себебі баланың қажеттіліктерін елемеу болып табылады, оның негізінде ата-аналармен өзара түсініспеушіліктің пайда болуы себеп болып отыр. Осы кезеңде отбасының психологиялық жағдайы бала үшін өте маңызды. Ата-аналармен қарым-қатынаста болғанда өзгеріс тез байқалады, – дейді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов. – Сонымен қатар, уақытты жоғалтпау үшін дереу полицияға хабарласу керек. Жоғалған қыздың ата-анасы полицияға таңғы сағат бірде хабарласқан, ал ол уақытқа дейін өз бетінше іздеу жұмыстарын жүргізген, – деді А.Арыстанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру