Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу ауданының полиция қызметкерлері сотталған кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жерін тексерді

Жетісу ауданының полиция қызметкерлері сотталған кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жерін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу ауданы ПБ ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері пробация қызметімен бірге, сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілдерімен пробациялық бақылаудағы сотталған кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жерін тексерді.

– Ювеналды полиция, пробация қызметтерінің қызметкері, қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілдерімен бірге тоқсан сайын есепте тұрған кәмелетке толмағандардың тұрмыстық жағдайларына тексеріс жүргізеді. Бұл жолы олар қылмыстық құқық бұзушылық жасаған екі сотталған жасөспірімнің тұрғылықты жері бойынша тексерді. Оларды сот қоғамнан оқшауланумен байланысты емес жазаға тағайындады. Тұрмыстық жағдайларды тексеру жүргізілді, соның ішінде қайталанатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу мен жолын кесуге назар аударылды. Кәмелетке толмағандармен және олардың заңды өкілдерімен алдын-алу әңгімесі өткізілді, жазаны өтеу тәртібі мен шарттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы “Пробация туралы” Заңын орындау талаптары түсіндірілді, – деп қорытындыланды, Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру