Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда салтанатты іс-шара өтті

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Маңғыстау облысында құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов Маңғыстау облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы, экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы, төтенше жағдайлар департаментінің бастығы және облыстың мамандандырылған прокуроры қатысты.

Салтанатты жиын барысында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісінде жоғары нәтижелер көрсеткен ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталды. Жалпы саны 100-ден астам полиция қызметкеріне ведомстволық наградалар, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.

Бірқатар қызметкерлер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығының, облыстың бас прокурорының және Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының атынан марапаттарға ие болды.

Жиында сөз сөйлеген күштік құрылымдардың басшылары қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, олардың заң мен тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы адал еңбегі мен Отанға қызмет ету ісіндегі жауапкершілігін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ құқық қорғау органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, олардың тәжірибесі мен өнегелі жолы жас буын қызметкерлер үшін әрдайым үлгі екені айтылды.

Мерекелік іс-шара қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларына көрсетілген құрметтің жарқын көрінісіне айналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру