Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/10 мекемесінде ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында жазасын өтеп жатқан азаматтарға ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетілді.Шараға қатысқан сотталған азаматтар “Өмір-ай”, “Менің әкем”, “Қылықты қыз”, “Бұл өмірде”, “Жол” және т.б. әндерді шырқап, Ж.Жабаевтың “Патша әмірі тарылды”, “Ленинградтық өренім”, “Алғадай” өлеңдерін оқыды.

Іс-шараның мақсаты – сотталған азаматтардың шығармашылыққа, қазақ әдебиетіне, өнерге деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

Мерекелік іс-шара соңында ГМ-172/10 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Е.Сузақбаев барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, мұндай іс-шаралардың алдағы уақытта жүйелі түрде өткізіліп тұратынын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру