Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда жүргізуші куәлігі жоқ ер адам масаң күйде көлік басқарған

Маңғыстауда жүргізуші куәлігі жоқ ер адам масаң күйде көлік басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz

6 қыркүйекте сағат 03:20 шамасында Мұнайлы аудандық патрульдік полиция ротасының қызметкерімен “Дәрмек” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Nissan Primera автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында жүргізушінің масаң күйде көлік басқарғаны анықталды.

Жүргізуші бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мұнайлы аудандық сотының қаулысы бойынша жүргізушінің ҚР ӘҚБтК-тің 608-бабы 1-бөлігіне сәйкес үш жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Көлік басқару құқығы жоқ бола тұра жүргізуші азамат автокөлік құралын масаң күйде басқарған.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесі негізінде жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру