Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Дәрмек” ЖПІШ: Шымкентте 11 құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 11 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5-9 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында республикалық деңгейдегі есірткінің заңды айналымы саласында құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның басты мақсаты – Шымкент қаласының аумағында “дәріханалық нашақорлық” құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік құралдарды рецептсіз босату, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекусорлардың заңсыз айналымына тосқауыл қою, контрабандалық әкелу мен әкетуді, сондай-ақ бақылаудағы заттарды заңсыз айналымға шығару деректерін анықтау және жолын кесу.

“Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасының екі тәулік ішінде 11 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ҚК-нің 300-бабымен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) – 3 қылмыс, ҚР ҚК-нің 296-бабымен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) – 3 қылмыс, ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) 5 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Заңсыз айналымнан 13 есірткі өсімдігі және төрт психотроптық дәрілік зат тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру