Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаудағы тергеу изоляторында сотталғандарға ауызашар берілді

Маңғыстаудағы тергеу изоляторында сотталғандарға ауызашар берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша  Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/10 мекемесінде арнайы контингенттер арасындағы сотталғандарға “Шарапатты Рамазан” атты іс-шара аясында ауызашар ұйымдастырылды. Бұл шара облыстық Бекет Ата мешіті мен “Отпан” ақпараттық-түсіндіру орталығымен бірлесе жүзеге асырылды.

– Қасиетті Рамазан айы – мұсылман үшін Аллаһтың рақымы мен шапағатына бөленетін, сауабы мен берекесі мол ай. Бұл айдың қасиетті болуының өзіндік себептері бар. Біріншіден, бұл айда Құран түсті. Екіншіден, исламның бес парызының бірі болған оразаны осы айда ұстауға әмір етілді. Үшіншіден, мың айға тең келетін Қадір түні осы айдың еншісінде, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Мешіттің бас имамы Ануар Елжановтың айтуынша, қасиетті Рамазан айының шарапаты мен сауабы тек ораза ұстаумен ғана шектелмейді.

– Бұл айда жасалған амалдарымызға еселеп сауап жазылмақ. Ораза ұстаған жанға ауыз аштыру – сауапты істің бірі. Мекемеде 110 сотталғанға ауызашар қоржыны үлестірілді. Бәріміз білетіндей, қасиетті Рамазан айы – жақсы іс жасап, мол сауапқа кеңелетін ай. Сондықтан сауабы мол істерден құр қалмайық, – деді бас имам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру