Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда тұрғыны 13 жастағы қызға ішімдік ішкізген

Елорда тұрғыны 13 жастағы қызға ішімдік ішкізген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы Ақкөл ауданының елді мекендерінің бірінің 13 жастағы баланы есеңгірететін дәрілік заттарды пайдаланғаны, спирттік ішімдіктерді бірнеше рет ішкені анықталды. Заңсыз әрекеттерді 34 жастағы елорда тұрғыны 2021 жылғы 25-26 желтоқсан аралығында жасаған.

Қазіргі уақытта Ақкөл аудандық ПБ тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 133-бабының 1-бөлігіне (Кәмелетке толмаған баланы қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту) сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Кәмелетке толмаған жасөспірімді алкоголь және құрамында спирті бар өнімдерді, есеңгірететін заттарды жүйелі пайдалануға (ішуге) тарту жасөспірімдер маскүнемдігі үшін ауыр зардаптарға ие, ал баптың санкциясы осы қылмыс үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыруды барынша жазалауды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру