Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлер мен ардагерлер тәлімгерлік кездесу өткізді

Маңғыстаулық полицейлер мен ардагерлер тәлімгерлік кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 12 қазанда Маңғыстау облысы Полиция департаментінде департамент бастығының орынбасары Б.Ақшауовтың қатысуымен және Кадр саясаты басқармасының идеологиялық және тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесу өткізілді.

Жиынның басты мақсаты – полиция қызметкерлері мен ардагерлер арасындағы байланысты нығайту, жас мамандардың бойында өз қызметіне адалдық пен шыдамдылық танытуын дамыту болды.

Аталған кездесуде ардагерлер полиция қызметкерлерімен іс-тәжірибелермен бөлісті.
Кездесуде сөз алған Жаңаөзен қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Құлтаев қаладағы Полиция басқармасы қызметімен тығыз байланыста екендігін, атап айтқанда учаскелік полиция бекетіне бекітілген ардагерлермен бірлесе атқарған шаралардың оң нәтижесін беріп жатқандығын атап өтті.

Шара соңында ардагерлер полиция қызметкерлерінің қызметтеріне сәттілік тіледі. Бұл бас қосудың үлкен тағылымдық маңызы болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру